Көкпектіде адам өліміне кінәлі танылған В.Крючковтың адвокаты оның іс-қимылы негізсіз бағалаған деп санайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкпекті ауылында су тасқыны салдарынан адамдардың өліміне кінәлі танылған В.Крючковтың адвокаты Николай Малюшенко оның іс-қимылын негізсіз бағалаған деп санайды . бұл туралы бүгін ол Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Көкпектіде адам өліміне кінәлі танылған В.Крючковтың адвокаты оның іс-қимылы негізсіз бағалаған деп санайды

«Менің қорғалушым апат орын алған сәтте «Табигат-XXI» ЖШС-нің тек құрылтайшысы болған еді. Сондықтан, оның бұл бапқа қандай қатысы бар?», - дейді ол.

Адвокаттың атап өтуінше, тергеу тобы жетекшісінің қаулысында бөгеттегі жұмыстарды жүргізу барысында бұзылды делінетін қауіпсіздік ережелерінің тармақтары көрсетілмеген.

Сондай-ақ, Н.Малюшенко В.Крючков ісін тергеу барысының айыптауға ден қойғандығын дәлелдейтін бірқатар жайттың бар екендігін алға тартып отыр. Мәселен, Қарағанды аумақтық балық шаруашылығы басқармасымен арадағы шартта «Табиғат-ХХІ» ЖШС-нің бөгеттің жөндеуге қатысты қандай да бір міндеттемелерді мойнына алатындығы көрсетілмеген. Өйткені, ол мемлекетке тиесілі. Бұған қарамастан В.Крючковтың бастамасымен 2007 жылы Көкпекті су қоймасына комссиялық тексеру жүргізіліп, бөгеттің апатты жағдайда екендігі анықталған. Алайда, мемлекеттік органдар ешқандай шара қабылдамаған. «Табиғат-ХХІ» ЖШС өз қаржысы есебінен бөгетке жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Адвокаттың айтуынша, Сот сараптамалық институтының сарапшылары бөгеттің жобалық-сметалық құжаттамасының болмауына байланысты іс бойынша қорытынды бермеген.

Тергеу барысында гидрологтар мен мамандандырылған құрылыс компанияларын тарту арқылы сараптама тағайындау туралы қолдау хаты қаперге алынбаған. Сараптама жүргізуді лицензия жоқ тараздық мамандарға тапсырған. Бірақ, олардың бұл іске қатысты қорытындысы айтыптау түрінде болған.

В.Крючковқа «Табиғат-ХХІ» ЖШС-не басшылық қызметті атқара отырып, бөгет жұмысына ықпал ететін құрылымдық өзгертулерді өкілетті органдардың қорытындысыз, сәйкесінше жобасыз жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзды деп айып тағылуда.

Айта кетейік, 2014 жылдың наурызында Көкпекті ауылындағы Көкпекті бөгеті бұзылып, 5 адам қаза тапса, 6 адам жарақат алған болатын. Сонымен қатар, тұрғын үйлер су астында қалған еді.