23:51, 17 Қараша 2022 | GMT +5
Көксарай су қоймасы 500 мың халқы бар 23 елді мекендегі су тасқыны қаупін сейілтті - Юрий Ильин
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильин Қызылорда облысының халқымен кездесу кезінде өңірдегі су тасқынының алдын алу жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көксарай су реттегішінің құрылысы елді мекендерді жаппай су басудың алдын алуға және халықты қауіпсіздендіруге мүмкіндік берді.
Дегенмен, табиғи құбылыстар мен Сырдария өзеніндегі су деңгейін болжау мүмкін емес және көктемде су тасқыны жағдайы қиын болуы мүмкін.Халықты су тасқыны қаупінен қорғау үшін Үкімет деңгейінде 2023 жылға жол картасы, ал жергілікті деңгейде - Даму жоспары мен жыл сайынғы су тасқынына қарсы жоспар қабылданды.
Соңғы деректер бойынша облыс бойынша барлығы 29 елді мекен су тасқыны аймағында орналасқан, қазір бес жүз мыңға жуық азамат (467 728 адам) тұратын 23 елді мекен үшін қауіп-қатерлер барынша азайтылды.
Осыған байланысты Министр жергілікті атқарушы органдардың жол картасын уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету және көктем келгенге дейін су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу қажеттігін атап өтті.