Көкшетау автовокзалының ғимаратында жаңа жазу пайда болды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау автовокзалы қаладағы маңызды маңызды көлік нысандарының бірі. Пандемияға дейін ол қаламаңы және қалааралық рейстерге қызмет көрсетті. Бағыттар саны тәулігіне 40 сапарға дейін жетті.
Жолаушылар Нұр-Сұлтан, Теміртау, Павлодар, Петропавл, Рудный қалаларына барып жүрді. Сондай-ақ, Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Омбы, Екатеринбург, Түмен, Қорған сияқты Ресей қалалары да бағыттар картасына енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Бүгінде сапаржай облыс аумағында жеті бағытқа ғана қызмет көрсетеді. Биылғы жылы сапаржай ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сыртқы төбесі ауыстырылды және нысанға ішінара жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Басшылықтың айтуынша, сапаржай ғимараты 1980 жылдардың басында салынған және содан бері сыртқы келбетін өзгертпеген. Бұл екі қабатты ақ бетон құрылымы. Жабық тоқтау платформалары вокзалдың артында, автобус тұрағымен бірге орналасқан. Бірнеше жыл бұрын кешен дуалмен қоршалып, кіреберіс шлагбауммен жабдықталған.
Тағы бір жаңалық - ғимаратта «автовокзал» сөзі қазақ тілінде жазылды. Яғни, «Сапаржай» сөзі облыс орталығының әсем келбетін аша түсті.
«Менің ойымша, бұл өте маңызды оқиға, өйткені сапаржай көлік инфрақұрылымының желісі ретінде маңызды рөл атқарады. Бұрын коронавирусқа дейін көптеген транзиттік бағыттар біздің сапаржай арқылы өтетін, ал адамдар транзиттік жолаушылар болып есептеледі. Сондықтан қаланы көрмейтін, тек сапаржайды көретін адамдар осында келіп, әрі қарай транзитпен жүреді. Олар біздің қаламыздың вокзалын көргенде, қала туралы әсер алып, олардың Көкшетау туралы пікірі қалыптасады. Енді сапаржайымызды көрген адам жақсы әсерде болады», - деген ойымен бөлісті сапаржай директоры Сайлау Нұртазин.