Көкшетау дәрігерлері арнайы жиналмалы сөмкемен қамтамасыз етілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қалалық емханасында науқастарға сапалы қызмет көрсету мақсатында жалпы тәжірибедегі дәрігер, педиатр, терапевт және патронаттық медбикелерге тиісті аспаптар және жабдықтар салынған жиналмалы сөмке сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз 60-қа жуық жиналмалы сөмке сатып алдық. Ондағы медициналық аспаптар науқастарды тиянақты қарап, сапалы дәрігерлік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Біз мұндай тәжірибені мәскеулік әріптестерімізден көріп, өзіміздегі медициналық ұйымдарда қолдануды дұрыс деп шештік. Жалпы тәжірибедегі дәрігерлерде мұндай аспаптардың саны жетерлік, сондықтан, тұрғындардың дәрігер мамандарға жүгінгуі азаяды», - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Фатима Рассолова.

Оның айтуынша, жалпы тәжірибедегі дәрігерлерде офтольмоскоп және отоскоп, ал докторлар отоларинголог және окулисте оқудан өтіп, тәжірибеде қолдануды үйренді.

«Жалпы тәжірибедегі дәрігерлер балалардан бастап, ересектерде кездесетін аурудың барлық түрін білуі тиіс. Дәрігер кез-келген ауруды анықтап, дұрыс ем шара қолдану қажет. Егер білімі жетпей, жатқан кезде нақты маманға жүгінуіне болады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бастауыш медициналық көмек осындай дәрігерлердің қолында», - деп толықтырды қалалық емхананың бас дәрігері Ғалия Сабатаева.

Айта кетейік, отбасылық дәрігер барлық дертті емдей бермейді. Шұғыл жағдайлар болған кезде, жедел медициналық көмек және нақты мамандардың кеңесіне жүгінуге болады.


Соңғы жаңалықтар