Көкшетау қаласында интернет-алаяқтыққа қатысты 227 қылмыс жасалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазіргі таңда Көкшетау қаласы аумағында 227 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Мұндай дерек ҚР Бас прокуратурасының Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі таңда Көкшетау қаласының аумағында интернет-алаяқтық қылмыстарының жиілегені байқалады. Интернетте пассивті ақша табу бағытындағы азаматтардың қызығушылығын тудыратын түрлі платформалар бар. Оларды алаяқтар ұтымды пайдаланады. Бүгінде Көкшетау қаласында 227 интернет-алаяқтық жасалды. Аталған бағыттардағы құқық бұзушылық әрекеттері жиілеп барады», - делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.
Айта кетейік, Ішкі істр министрлігі қазақстандық компаниялардың атын жамылып, алаяқтық жасайтын сайттар АҚШ-та тіркелгенін айтады. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері жоғары табысты уәде еткен 769 аляқтық фактісі тіркелген. Соның ішінде 120 жағдайда алаяқтар түрлі компаниялардың атын жамылған.
Ал таяуда қазақстандықтардың IPO алаңында алаяқтарға алданбауы үшін «STOPFAKEIPO» сайты ашылды. Бүгінде заңсыз инвестициялық делдалдың белгілері бар 158 ұйым тізімге алынған.