Көкшетау қаласының әкімі майдангерлерге Беларусь Республикасының мерекелік медальдарын табыс етті

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласының әкімі Бақыт Сапаров бір топ қарт майдангерлерге «Беларусь Республикасын неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге  65 жыл» мерекелік медальдарын табыстады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі «Лад» республикалық славян қозғалысының төрағасы Максим Крамаренкоға және 27 Ұлы Отан соғысына қатысушыға мерекелік медальді табыстай отырып, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың оларға деген жылы лебізін жеткізді. Қан майдандағы ерлігі үшін осындай құрметке Владимир Арефьев, Нәби Ахметжанов, Жүкен Баетов, Шоқыбай Дүйсенов, Иран Зілғарин сынды майдангерлер иелік етіп, қошеметке бөленді. Мерекелік шара көкшелік өнер шеберлерінің концертіне ұласып, дастархан жайылды. Өз кезегінде соғыс ардагерлері сый-қошеметке ризалықтарын білдірді. Соғыс жылдарындағы әндерге қосылып, бір сәт өткенді еске алысты.

Соңғы жаңалықтар