Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 3660 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қорытындысы бойынша  Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 3660 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 3660 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Аталған соттың дерегі бойынша жауапкершілікке тартылғандардың көбі əкімшілік айыппұл салынғандар.

"2016 жыл ішінде Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 3660 азаматқа қатысты әкімшілік іс қарап, келесі әкімшілік жазаларls тағайындады: 76 азаматқа ескерту, 1791 азаматқа әкімшілік айыппұл, 524 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 1228 азаматтар арнайы құқығынан айырылды, 41 азамат Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді", деп көрсетілген хабарламада.