«Көкшетау» мәдениет сарайынан өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан «Көкшетау» мәдениет сарайынан өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көкшетау» мәдениет сарайынан өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

«Бүгін сағат 11:55-те Ақан сері көшесінің бойындағы 3 қабатты «Көкшетау» мәдениет сарайының шатырынан өрт шыққандығы туралы ақпарат түсті. Сол кезде ғимаратта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатқан. Құтқарушылар 25 адамды эвакуациялады. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 30 маманы және 7 өрт сөндіру техникасы, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорынының 1 жұмысшысы мен 1 техникасы тартылды. Өрт 11:33-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - дейді ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.