Көкшетау мектептерінде 2-ауысымда сабақ болмайды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауда 2-ауысымдағы оқушыларға сабақ өткізілмейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетау мектептерінде 2-ауысымда сабақ болмайды

«Бүгін ауа райының колайсыздығына байланысты Көкшетау қаласы мектептерінің екінші ауысымындағы 1-5 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», - делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті қалада желдің жыдамдығы секундтына 28 метрге дейін жететінін, көктайғақ, бұрқасын болатыны туралы смс хабарлама таратты.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада екінші ауысымдағы 0-4 сыныптар онлайн оқитындығы туралы хабарланды.