Көкшетау мен Нұр-Сұлтан қалаларында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 мамырда еліміздің екі қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетау мен Нұр-Сұлтан қалаларында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, жұма күні Көкшетау мен Нұр-Сұлтан қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қазақстанның өзге шаһарларында атмсофералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.