«Көкшетау-Омбы» республикалық күре жолын жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
Ақмола облысында А-13 «Көкшетау-Омбы» республикалық күре жолы жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазавтожол» мекемесіне сілтеме жасап.
«Көкшетау қаласынан жергілікті әуежайға апаратын көлік айрығына дейінгі жол бөлігі жөнделді. Мамандар жол жабынын жаңартып, жиегін нығайтты. Қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ескі шамдар заманауи жарықдиодты шамдарға ауыстырылды»,-делінген хабарламада.
Бастапқы 12 шақырым жол I санатқа жатады. Төрт жолақты қозғалыс қамтамасыз етілген. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан көліктер жолдың екінші бетіне шығып кетпеуі үшін арнайы тосқауыл қоршаулар қарастырылған.