Көкшетау техникалық институтының жас курсанттары ант берді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөлімінде білім алатын 1-курс курсанттары салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау техникалық институтының жас курсанттары ант берді

Шараға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Олжас Бектенов, Ақмола облысы құқық қорғау органдары және оқу орындарының басшылары, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және курсанттардың ата-аналары қатысты.
null
Ант беру салтанатты рәсімін ашық деп жариялаған Институт басшысы азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов өзінің кіріспе сөзінде оқу орнының жиырма жылының әрбіреуі маңызды әрі пайдалы істерге бай, сондай-ақ, 2017 жыл Атбасар қаласындағы апаттық-құтқару жұмыстарымен, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадасының Алау Эстафетасымен және EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету институт ұжымының есінде қалатындығын атап өтті.

null
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин құттықтау  сөзінде:  «Қабылданған ант әрбір курсантты өз ісіне адал болуға, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының талаптарын қатаң сақтауға,  өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби тұрғыдан орындауға, құтқарушы жоғары атағын қастерлеуге міндеттейді», деді.

null
Айта кетейік, 2017 жылы КТИ-ның күндізгі оқу факультетіне 185 талапкер қабылданған болатын. Бұл жолы Көкшетау техникалық институтында оқитын 139 курсанттан ант қабылданды. Оның ішінде 8 курсант үкіметаралық келісімдерге сәйкес Институт негізінде өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша оқып жатқан Қырғызстан Республикасының азаматтары. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетімен қалған 37 курсантты Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының мамандандырылған жоғару оқу орындарына жіберілді. 
null 
null 
null