Көкшетау тұрғыны өз әжесін тонады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 82 жастағы әжесінің алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлаған бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Көкшетау қалалық кезекші бөліміне 82 жастағы кейуанадан шағым келіп түсті. Оның айтуынша, белгісіз біреулер алтын әшекейлері мен ақшасын үптеп кеткен. Келген залалдың жалпы сомасы - 350 мың теңгеден асады. Жәбірленуші жақында үйіне немересі қонаққа келгенін айтты», - деп мәлім етті Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер қылмыстың ізін суытпай, 26 жастағы бойжеткенді ұстады. Ол әжесінің сеніміне кіріп, алтын бұйымдары мен ақшасын қолды қылған. Көкшетау тұрғыны өз кінәсін мойындады.

«Күдікті ұрлаған затын сатып, оны өз қажетіне жарату үшін осындай қылмысқа барған», - деп қосып өтті ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар