Көкшетау əуежайы халықаралық əуе рейсін қалпына келтірмек

Əуежай басшыларының мəліметі бойынша ағымдағы жылдың наурыз айында Шымкент-Көкшетау-Шымкент əуе рейсі қалпына келтірілетін болады. Рейстер аптаның жұма жəне сенбі күндері жүзеге асырылмақ. Рейстер «SCAT» əуе компаниясы" АҚ-ның 50 жолаушыға арналған CRJ 200 əуе кемесі арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 21 мамырынан бастап, Мəскеу (Домодедово)-Көкшетау-Мəскеу(Домодедово) əуе бағыты да қалпына келтіріледі. Бұл рейсті «S7 Airlines» əуекомпаниясының "Airbus A319" əуе кемесі жүзеге асырады. Əуе билетінің құны 48-50 мың теңге көлемінде.
Қазіргі кезде Көкшетау əуежайы республикаішілік Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы бағыты бойынша аптасына ек рет қызмет көрсетуде.
Мұндағы ұшу уақыты Көкшетау қаласынан шыққан жолаушыларға Ақтау, Алматы жəне Шымкент əуежайлары арқылы Солтүстік Кавказ, Ресейдің оңтүстік аймақтары, Түркияға ұшып кету уақытына сəйкестендірілген.