Көкшетау университетінде Отандық тарих және Рухани жаңғыру кафедрасы ашылды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде тарих, заң, өнер және спорт факультетінде ашылған Отандық тарих және Рухани жаңғыру кафедра жұмысының басты мақсаты жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, ұлтаралық-конфессия аралық түсіністікті нығайту.
«Ш.Уәлиханов атындағы КМУ үшін республикадағы алғашқы «Рухани жаңғыру» кафедрасы Ақмола облысының рухани және интеллектуалдық орталығы болып табылатын еліміздің ең үздік оқу орындарының бірінде құрылғаны үлкен құрмет. Кафедрада жастар ата-бабаларымыз, туған өлкенің тарихын біліп, олармен мақтанып қана қоймады, соларға қарап болашаққа бағыт-бағдар жасай алады. Тың талаптарға сай жабдықталған кафедра ел игілігі жолында табысты қызмет етеді деп ойлаймын, - деді облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова.
Сонымен қатар, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева және Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Еркін Исимбаев қатысып, өзінің жүрек жарды лебіздерін білдірді.