Көкшетау және Қарағанды автожолдары арқылы Астанадан шығуға тыйым салынды
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Ауа-райының бұзылуына байланысты «Астана-Көкшетау» және «Астана-Қарағанды» жолдары арқылы елордадан шығуға автокөлік құралдарының барлық түрі үшін жол жабылды.
Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. Елордада үшінші күн бойы қатты аяз сақталып, бүгін мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақ болған жоқ.