Көкшетау жатақханадан өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Көкшетау жатақханадан өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды, оның 10-ы бала.

Ақмола облысындағы өрт
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 49 жастағы ер адам темекі шегіп отырып диванда ұйықтап қалған. Соның салдарынан төсек-орын жанып, линолеум жанған.

Ақмола облысындағы өрт
Фото: Ақмола облысы ТЖД

«Өртті сөндіруге №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Құтқарушылар жатақханадан 40 адамды (оның 10 бала) эвакуациялады. Ал өрттің шығуына себепші болған ер адамды жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар