Көкшетауда 10 мыңнан астам бала мемлекеттік тілде білім алады

Қалалық білім бөлімінің дерегі бойынша, қазіргі таңда шаһарда барлығы 26 мектеп бар. Қала мектептерінде барлығы 22 325 оқушы оқиды. Олардың 10 502-сі мемлекеттік тілде білім алады. Өткен оқу жылдарымен салыстырғанда «Алтын белгі» иегерлерінің саны үш есеге артқан. 11 сыныпты тәмамдаған 838 түлектің 739-ы жоғары оқу орнына түссе, олардың 374-і білім гранттарын жеңіп алды.
Ал, 99 бала орта кәсіптік колледждерде оқитын болады. 2016-2017 оқу жылында Көкшетау қаласындағы гуманитарлық-техникалық лицейінде 5-ші сынып мемлекеттік тілде оқытылатын болады.
Жалпы, жыл санап қазақша оқимын деген балалар саны артып келеді. Олардың арасында өзге ұлт өкілдері бар. Сонымен қатар, жаңартылған білім мазмұнына орай, 361 мұғалім қайта даярлаудан өтіп, біліктіліктерін арттырған.