Көкшетауда 12 жастағы мектеп оқушысын зорлаған күдікті іздестірілуде
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 12 жастағы қыз баланы зорлаған күдікті ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша келеңсіз жағдай кеше, 4 тамыз күні кешкілік уақыт 21:00 шамасында Көкшетаудағы Бармашино ауданы аумағында орын алған. Бұл туралы зардап шеккен қыздың ата-анасынан полицияға арыз түскен.
"Қазіргі кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстау бойынша кешенді шараларды қолға алды", деп түсіндірді Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.