06:25, 15 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Көкшетауда 15 желтоқсанда бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Өңірде қатты аяздың сақталуына байланысты Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқуды жалғастыра береді, деп хабарлайды Kazinform.

«Ауа температурасының минус 25,3 градусқа төмендеуіне және жел тұруына байланысты 15 желтоқсанда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», - делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде.
Еске салайық, бейсенбі, 14 желтоқсанда да Көкшетау мектептерінде бірінші және екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыды.