Көкшетауда 200-ден астам коммуналдық техника қысқа әзірленді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың коммуналдық техникалары қыста көшелерді қардан тазартуға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Көкшетауда 200-ден астам коммуналдық техника қысқа әзірленді

Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен жолдар мен көшелерді қысқы күтіп ұстауға техниканың дайындығы тексерілді. Мамандар облыс орталығының 4 коммуналдық кәсіпорнында қолда бар барлық көлік пен қажетті инертті материалдар қорын тексеріп шықты.

Қысқы кезеңде көшелерді тазалау және күтіп ұстаумен екі кәсіпорын – «Зерен плюс» және «Көкше-Тазалық» ЖШС айналысады.

«Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі екі коммуналдық кәсіпорынмен келісім-шарт жасады, онда барлық көшелер, учаскелер, кесте, жауын-шашын кезінде арнайы техниканың шығу режимі анықталды. Екі кәсіпорын бойынша 80 астам арнайы техника – қар және фронтальды тиегіштер, автогрейдер, самосвалдар және аспалы жабдықтардың бірнеше түрі қамтылған. Қар көп түскен жағдайда олар қосымша арнайы техниканы жалға алады», – дейді Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ербол Төлеуов.

Айта кету керек, коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдарда қысқы уақытта жолдар мен тротуарды тазалау үшін қажетті заттардың барлығы бар.

Көшедегі қарды күреуге, жинауға және сыпыруға арналған машиналарды, тротуарларды тазалауға арналған тракторларды пайдалану жоспарлануда. Мердігерлер 800 тонна құм-тұз қоспасын сатып алдып отыр.

Сондай-ақ, «Көкшетау жылу» және «Көкшетау су арнасы» ШЖҚ МКК қысқы маусымға арнайы техникаларын дайындап қойды. Бұл кәсіпорындарда 108 арнайы техника бар.