Көкшетауда 222 теміржолшы ақ қар, көк мұзда атқарған еңбегі үшін үстемақы алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау көлік прокуратурасы теміржол саласындағы теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылғандығын анықтады, деп хабарлады аталмыш органның баспасөз қызметі.

Көкшетауда 222 теміржолшы ақ қар, көк мұзда атқарған еңбегі үшін үстемақы алды

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Ақмола магистральдік желі бөлімшесі» филиалының жұмысшыларына 2017 жылдың желтоқсанынан ағымдағы жылдың ақпан айларында қиын метеорологиялық жағдайда немесе - 25-тен градустан төмен температурада атқарған жұмыстары үшін еңбекақыларына 15% үстемеақы төлеуі тиіс болған. Алайда бұл қаржы жұмысшыларға төленбей келген.

«Прокурорлық қадағалау шараларымен 222 теміржолшы 2 млн. теңгеден аса көлемде тиісті қаражаттарын алды. Еңбек заңнамасы мен ұжымдық шарттың талаптарын бұзғаны үшін мекеменің жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапқа тартылды»,-деп хабарлады Көкшетау көлік прокуратурасы.