Көкшетауда 28 жастағы жігіт анасының атынан кредит алып, сол күні ұтқызып жіберген

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола тұрғыны анасының атына бір жарым млн теңге көлемінде жасырын несие рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданып, 6 сәуірде 28 жасар ұлы Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап әкеткенін хабарлады.

Кейін гаджетте орнатылған банктің мобильді қосымшасы арқылы жас жігіт анасының атына 1 млн 500 мың теңге сомасында онлайн-кредит рәсімдеген. Залалдың жалпы сомасы - 1 млн 680 мың теңге.

Қаскүнемнің тұрған жерін анықтау үшін полиция қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні жалдамалы пәтерде ұстады.

Заттай дәлел, атап айтқанда «Samsung» маркалы ұялы телефон тәркіленді.

Ер адам ойынға тәуелді және несиеге алынған ақшаны сол күні ұтқызып жіберген.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қарызын төлеу үшін үшінші тұлғалардың атынан бірнеше рет несие алған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігіне «ұрлық» сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар