Көкшетауда 4 жастағы қызды ит қауып алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда саябақта ойнап жүрген 4 жастағы қызды ит қауып алды. Бұл туралы жергілікті әлеуметтік желі қолданушылары жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда 4 жастағы қызды ит қауып алды

Желі қолданушылардың сөзінше, оқиға сағат 16:00 шамасында «Новопэк» АҚ-ның саябағында орын алған. Әпкесімен ойнап жүрген 4 жасар қызға бұтаның арасынан жүгіріп шыққан француз бульдогі тарпа бас салып, оң жақ жамбасы мен аяғынан қауып алған. Ал, иттің иесі зардап шеккенге көмектесудің орнына керісінше, оқиға болған жерден табанын жалтыратқан. Ит талаған қызға сол маңнан өтіп бара жатқан жастар көмекке келіп, жақын маңдағы емханаға апарған.

Желі қолданушылары ит иесінің иттік қылығын қатаң сыңға алып жатса, енді бірі зардап шеккен қыздың туыстарына полицияға арыз жазу туралы кеңес беруде. Алайда, тәртіп сақшылары әзірге, осы оқиғаға баланысты ешқандай мәлімет жариялаған жоқ.

Публикация от Кокшетау Акмолинская область (@kokshevideogram) 5 Июл 2018 в 8:29 PDT