Көкшетауда 58 жастағы тұрғын жетінші қабаттан құлап мерт болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда 58 жастағы ер адам жетінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның болғанын растады.

«Иә, бүгін түстен осындай келеңсіз жағдай орын алды. 1964 жылы туған ер адам жетінші қабаттағы өз пәтерінің терезесінен құлап, сол жерде көз жұмды», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында жүк көлігінен құлаған ер адамды артқы доңғалақ жаншып кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар