Көкшетауда 60-тан астам отбасы баспаналы болды

КӨКШЕТАУ.  KAZINFORM - Көкшетауда 60-тан астам отбасы баспаналы болды. Оның ішінде 43 көпбалалы отбасы және 20 жетім бала бар.

баспана
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Пәтер кілтін тапсыру салтанатына аймақ басшысы Марат Ахметжанов қатысып, қуанышын иелерін құттықтады. 

баспана
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

«Баспаналы болу – кез келген адамның арманы. Мемлекет басшысы бірінші кезекте азаматтардың әл-ауқатын және өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға ерекше назар аударып отыр. Соның ішінде маңызды бағыттардың бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бүгінгі қуаныш қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың іске асырылып жатқанын көрсетеді», - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Айтуынша, биыл өңірде халықтың әлеуметтік осал тобына жататындарға 840 пәтер тапсыру жоспарланған, оның 500-ден астамы облыс орталығында. Бұл мақсаттарға шамамен 16 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Тұрғын үйді сатып алудың жаңа форматы көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың, мүгедектердің және басқа да санаттағы балалардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ең бастысы кезекті қысқартуға мүмкіндік береді. 

баспана
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Сондай-ақ, кредиттік тұрғын үй алудың мемлекеттік тетіктері де жұмыс істейді. Барлық мемлекеттік бағдарлама бойынша 1500-ге жуық ақмолалықты жаңа қоныспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Пәтерлі болғандардың бірі – көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Гүлмира Қожахметова 2010 жылдан бері баспана кезегінде тұрған. 

баспана
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

«Бүгінгі менің қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз бұл сәтті 14 жыл күттік. Жаңа пәтеріміз жайлы, іші жарық және кең. Жақын жерде мектеп пен балабақша бар», - деп қуанышымен бөлісті тұрғын.

Қазіргі таңда облыста жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алып келеді. Тек соңғы жылдары өңірдің тұрғын үй құрылысына 200 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, 2 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй тапсырылды. Нәтижесінде 12 мыңға жуық ақмолалық отбасы өздерінің тұрғын үй мәселесін шешті. 

баспана
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Еске салайық, тасқын судан зардап шеккен Атбасар ауданы мен Көкшетау тұрғындары баспаналы болды.


Соңғы жаңалықтар