18:21, 27 Сәуір 2023 | GMT +6
Көкшетауда 63 жастағы ер адам атылып қалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда полиция өзін-өзі атқан ер адамның өлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алдын ала анықталғандай, сәуірдің 27-де Көкшетау қаласының 1960 жылғы тұрғыны ТОЗ-8 маркалы мылтығынан өзін-өзі атқан. Оқиға орнынан алынған қару бойынша сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда ескі зират аумағынан адам сүйектеріне ұқсас қалдықтар табылғанын жазған едік.