Көкшетауда 9 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда 9 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды, оның 10-бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін сәуірдің 25-де сағат 17:45 шамасында Осипенко 1/3 мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 7-ші қабатындағы пәтердің балконында тұтанған. Төрт шаршы метр аумақты шарпыған өрттен үй заттары жанды.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 26 қызметкер және 10 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрттің салдарынан арнайы құтқару баспалдағының көмегімен 25 адам эвакуацияланды, оның 10-бала. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар