Көкшетауда 90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Көкшетауда 90 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Боровской шағын ауданында өткен салтанатты шараға аймақ басшысы Мәлік Мырзалин қатысып, шаңырақ иелерін қуаныштарымен құттықтады. Аймақ басшысы осынау игі істі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, жергілікті биліктің қолдауымен жүзеге асырылып отырғанын ерекше атап өтті.

«Бүгінгі күні пәтерлі болу кез келген адамның арманы. Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан облыс орталығында бүгінгідей жаңа көп қабатты үйлер көптеп бой көтеріп, қоныс тойын тойлайтын тұрғындар қатарының көбейе түсетіндігіне сенім мол. Биылғы жылдың өзінде Көкшетау қаласы бойынша барлығы 170 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1700 адам баспаналы болды», - деді М.Мырзалин құттықтау сөзінде.null

Жылу өткізбейтін панельден салынған 90 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын «Регион строй» ЖШС жүзеге асырған. Құрылыс компаниясының басшысы Александр Дворцевойдың айтуынша, құрылыс материалдардың барлығы жерілікті өнімдер. Жобаның құны 908 миллион теңге болса, оның 530 миллион теңгесі несиеге алынған да, қалған 378 миллион теңгесі серіктестіктік өз қалтасынан салған. Баспаналы болғандардың басым бөлігі «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар.

 null  

Соңғы жаңалықтар