Көкшетауда әкімшілік ғимарат өртеніп бір адам ажал құшты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда екі қабатты әкімшілік ғимараты өртке оранып, бір адам ажал құшты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аймақтық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда әкімшілік ғимарат өртеніп бір адам ажал құшты

ТЖД мәліметі бойынша өрт бүгін таңғы сағат 09:37-лерде  Әуезов көшесінің бойындағы № 208 екі қабатты әкімшілік ғимаратта орын алған. Аталған ғимаратта бірнеше мекемелердің кеңсесі орналасқан.
null 

«Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 34 адам және 11 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт ғимараттың 125 шаршы метр аумағын шарпыды. Оқиға орнынан аталған ғимаратты жалға алған мекемелердің бірінің жұмысшысының мәйіті табылды. Қазіргі кезде, оның аты-жөні мен өрттің себеп салдары анықталуда», деп көрсетілген хабарламада.