12:12, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Көкшетауда Ақмола облыстық драма театрының 3 қабатты ғимараты өртенді
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласындағы «Ақмола облыстық драма театры» МҚК-нің 3 қабатты ғимараты өртенді.

Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға кеше күндіз орын алып, мекеменің 2-ші қабатының 30 шаршы метр аумағын қамтыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт салдарынан ғимараттағы 40 адам сыртқа шығарылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 90 маманы мен 14 техникасы тартылған.