Көкшетауда апаттан қаланың жартысына жуығы сусыз отыр

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетауда кәріз жүйесіндегі апаттың салдарынан қаланың бірқатар шағынаудандары сусыз қалды.

су құбыры
Фото: Kazinform

"Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны сәуірдің 4-де таңертең «Көктем» шағынауданының тұрғындары уақытша судан ажыратылатынын ескерткен болатын.

Кейін Сарыарқа, Центральный, Васильковский, Көктем шағын аудандарында, Абылай хан даңғылында су болмайтыны хабарланды. 

«Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, қаланың бірқатар шағынаудандары кәріз насос станциясындағы (КНС-7) апатты жағдайға байланысты судан ажыратылған.

Апаттың қашан жойылатыны белгісіз, тек сәуірдің 5-де таңертең екі сағат уақытша су жіберу көзделген. 

«Көкшетау Су Арнасы» 5 сәуір сағат 07:00-ден 09:00-ге дейін Сарыарқа, Центральный, Васильковский, Көктем шағынаудандарында, Абылай хан даңғылына су беру қалпына келетінін хабарлайды. Апатты жағдайға қатысты сағат 09:00-ден бастап жөндеу жұмысын жалғастыру үшін аталмыш шағынаудандар судан қайта ажыратылады» делінген коммуналдық қызметтің хабарламасында.

Еске салайық, Көкшетауда теміржол саяжайын су басып қалды.