Көкшетауда аруларға 1 мың дана қызғалдақ гүлі үлестірілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Асыл арулар» акциясы шеңберінде 1 000 дана қызғалдақ гүлі үлестірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Көкшетауда аруларға 1 мың дана қызғалдақ гүлі үлестірілді

Ақмола облысының волонтерлік орталығының еріктілері Көкшетаудағы сауда-көңіл көтеру орталығында ұйымдастырған акция нәзік жандылардың қоғамдағы мәнін артыруға бағытталған.

Акция барысында қыз-келіншектерге 1 000 дана қызғалдақ гүлі мен құттықтау ашық хаттары тапсырылды.

«Біз ақ жаулықты әжелеріміз бен асыл аналарымызға және ару қыздарымызға мерекелік көңіл күй сыйлағымыз келді. Акция нәзік жандылардың қоғамдағы мәнін аттыруға бағытталған. Осынау мереке күні гүл алып қуанып қалған нәзік жандылар біздерге рахмет, алғыс және жылы сөздерін арнады», дейді ерікті Ербол Амантаев.