Көкшетауда ата-анасына коронавирус жұқтырған астаналық дәрігер көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ата-анасына коронавирус жұқтырған астаналық дәрігер көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 43 жастағы астаналық науқас дәрігер екі апта бойы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жұқпалы аурулар диспансерінде ем қабылдаған.

«Соңғы бір аптада науқастың жағдайы күрт нашарлап кетті. Сол себепті ол жасанды тыныс алу аппаратына аппаратына қосылды. Алайда, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Ол бүгін көз жұмды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

43 жастағы астаналық дәрігер Көкшетаудағы ата-анасына қонаққа келген болатын. Кейін оның өзі мен ата-анасы және әпкесінен коронавирус табылды. Көп ұзамай ата-анасы араға екі күн салып, бірінен соң бірі көз жұмды. Енді өзі коронавирустың құрбанына айналып отыр.

Сонымен қатар, көз жұмған дәрігердің әпкесі мен әпкесінің әріптестерінен де коронавирус анықталған.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 -дан барлығы 147 адам көз жұмған.


Соңғы жаңалықтар