Көкшетауда ауыр науқасқа шалдыққан балаларға көмектесу үшін қайырымдылық аукционы өткізілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен ауыр науқасқа шалдыққан балаларды емдеуге қол ұшын созу мақсатында қайырымдылық аукционы өткізілді.
Шараға аудан əкімдерінің орынбасарлары, қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен жеке кəсіпкерлер қатысты.
Шара барысында облыс əкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов осындай қайырымдылық аукциондары өңіріміздің əр аудандарында өту қажеттігін, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халықтың ұрпағы екендіктерімізді естен шығармай, мейірімге мұқтаж жандарға көмектесу - əр адамның борышы екендігін айта келе, ел тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген Қазақстанның қайырымдылық форумына қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облыстық филиалының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықоваға, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменкоға, «Ақсай нан Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Зиядин Зайытханға, облыстық кəсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Марат Жұмабековке, «Сейнұр» серіктестігінің директоры Райхан Сейдалинаға жəне қазақ-түрік мəдениеті мен достығын дамыту орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фатих Экиджиге арнайы сертификаттар тапсырды.
Аукцион қатысушыларына жиырма лот ойнатылып, қолданбалы өнер шеберлерінің туындыларын сатудан түскен ақша Ернұр Жеңіс, Артур Грищук, Мəдина Əубəкірованы емдеуге жұмсалатын болды.