Көкшетауда балалар көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ойын алаңына айналдырып алған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің шатырына шығып ойнаған бір топ баланың ерсі қылығы әлеуметтік желі қолданушылардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі. 

Көкшетауда балалар көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ойын алаңына айналдырып алған


Əлеуметтік желі қолданушыларының дерегі бойынша бір топ бала Көкшетаудағы автоқалашық шағынауданындағы  Боровской көшесінің бойындағы "Ани" дəмханасына қарама қарсы орналасқан 61 үйдің шатырына шығып ойнаған.
Тұрғындардың кейбірі балалардың мұндай қылығын əлеуметтік желі арқылы ғана естіп біліп жатса, енді бірі: "Онда тұрған ештеме жоқ, біз де бала болдық. Біз де шатырға шығып ойнадық", деп жайбарақаттық танытуда.  Көпшілігі шатырда ойнап, суретке түсудің соңы қайғылы аяқталуы мүмкін деп алаңдаушылық білдіруде. Əлеуметтік желі қолданушылардың сөзіне қарағанда балалардың қауіпті жерді ойын алаңына айналдырғанына біраз уақыт болған. Тіпті, сол маңда тұратын тұрғындардың кейбірі шатырда балалардың футбол ойнағанын да көргенін айтуда.