Көкшетауда батут орталығынан өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Көкшетау қаласында батут орталығынан өрт шықты, 60 адам эвакуацияланды, оның 30-ы бала, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін, 7 қаңтарда сағат 16:54 - Көкшетау қаласының Абай көшесі бойындағы батут орталығының саунасынан шықты. Өрт аумағы 60 шаршы метр аумақты құрады.
«Сағат 17:30 өрт оқшауланып, 17:53 жойылды. Оған ТЖД жеке құрамынан 31 адам және 9 өрт сөндіру техникасы тартылды. Өрт сөндірушілер жеткенше, сауна қызметшілері 40 адамды эвакуациялады, оның ішінде 22 бала, кейін құтқарушылар тағы 12 ересек пен 8 баланы сыртқа алып шықты. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында өртенген үйден екі адамның мәйіті табылғанын жазған едік.