Көкшетауда бір мезетте 3200-ден астам адам «Қара жорға» биін биледі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Бұқпа» тауында 3200-ден астам адам «Қара жорға билейік!» акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Таудың басына жиналған қаладағы кәсіпорын жұмысшылары мен студенттер, мектеп оқушылары айналасы 20 минут бойы «Қара жорға» биін биледі. Кәсіпорын жұмысшылары арнайы жұмыс киімін киіп шықса, шығармашылық ұжымдар ұлттық киіммен биледі.

«Акцияның мақсаты - ересектер мен өсіп келе жатқан келешек жастарға эстетикалық тәрбие беріп, хореграфиялық шығармашылығын арттыру. Акция арқылы халықтың «Қара жорға» ұлттық биіне көңілін аудару. Оған қоса, эстрада және халықтық биді насихаттау», деп түсіндірді Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова.

Оның сөзінше, «Қара жорға билейік!» акциясы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр. Алдағы уақытта өңірлік айтыс ұйымдастыру жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар