Көкшетауда бірінші ауысымның бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының орталығында бастауыш сынып оқушылары бүгін үйден білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық білім бөліміне сілтеме жасап.

Көкшетауда бірінші ауысымның бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

Білім мекемесі таратқан мәліметке сенсек, бүгін, 15 наурыз күні бірінші ауысымда оқитын1-4 сынып оқушыларының сабағы қашықтан оқыту форматына көшіріледі.

Оған қалың қар, жел секілді қолайсыз ауа райы себеп болып отыр.