Көкшетауда бояулар мерекесі өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «ЯРКО кросс» бояулар мерекесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда бояулар мерекесі өтті

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған шараны қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, тамашалады.

«Posadi DDerevo.kz» қоғамдық қорының төрайымы Евгения Беляеваның мәліметінше, бірінші фестиваль 2013 жылы Алматы қаласында өткізіліп, екі жүз елу қатысушы жиналған екен.


«Осыдан екі жыл бұрын «ЯРКО кросс» Ақмола өңірінде алғаш рет Бурабай курортында өткізілді. Жыл өткен сайын қатысушылардың саны артуда. Бұл жолы бұл шараға қатысуға тілек білдіргендердің саны 500 адам, болса нақты қатысқаны мыңнан асты», - дейді Евгения Беляева.

Айта кету керек, аталмыш қайырымдылық шарасы биылғы жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында да ұйымдастырылды. Қатысушылар 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Сондай-ақ, қатысушылардың арасында әртүрлі ойындар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды. Көкшетауда ұйымдастырылған шараға «Көкшетау минералды сулары» АҚ демеушілік көмек көрсетті.