Көкшетауда бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Көкшетау мектептерінде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Kazinform. 

Көкшетауда бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

«Ауа температурасының минус 25 градусқа төмендеуіне және жылдамдығы 28 м/с желге байланысты 15 қаңтарда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», - делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үйден оқитынын жазған едік.