Көкшетауда бұзақы көлікке оқ атқан

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасының көмегімен көлікке оқ атқан бұзақы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыс шілденің 30-да облыс орталығындағы Б.Әшімов көшесінің бойындағы тұрғын үй ауласында орын алған. Зардап шегушінің сөзінше, сөзге келіп қалған бейтаныс жігіт оның Land Cruiser Prado көлігіне бірнеше рет оқ атып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

«Оқиға мен күдікті туралы мәліметтер бірден патрульдік полиция жасағына жолданды. Патрульдік полиция экипажы оқиға болған аумақты қоршап алды. Ал, Жедел басқару орталығының кезекшісі сол маңдағы бейнебақылау камерасындағы жазбаны зерттеді. Арада бірер минут өткенде күдікті Темірбеков және Ақан сері көшелерінің қилысында камераға түсіп қалды. Күдіктінің қолында тапаншаға ұқсас зат болды. Бейнебақылау испекторы бірден барлық автопатруль мен жаяужасақты құлағдар етті», - деп айтты ведомстводан.

Күдіктіні патруль полиция батальонының қызметкерлері А.Баймұқанов көшесінің бойындағы тұрғын үйдің ауласында ұстап, «Stalker» тапаншасын тәркіледі.

«Қазіргі кезде аталмыш оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлімі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар