Көкшетауда бұзақылар көше шамдарын қиратты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетауда көше шамдарын қиратқан бұзақылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің дерегі 14 мамыр күні түнгі уақытта Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, бейтаныс жастардың көше шамдарын қиратып жатқанын айтқан. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер бұзақылардың 14 көше шамын қиратып, зиян келтіргенін анықтады.
«Жедел іздестіру шарасы барысында 18-25 жас аралығындағы жергілікті 3 жігіт ұсталды. Күдіктілердің түсініктемесі бойынша олар бұзақылыққа мастықтан барған. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293 бабының 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.