Көкшетауда джип тұрғын үй ауласындағы футбол алаңын бұзып кірді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда джип тұрғын үй ауласындағы футбол алаңына бұзып кірді. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда джип тұрғын үй ауласындағы футбол алаңын бұзып кірді

Желі қолданушылардың дерегі бойынша, оқиға Көкшетаудағы Потанин көшесінің бойындағы №27а және №27б тұрғын үйлердің ауларында болған. Жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser» көлігі футбол алаңының сыртқы қоршауын бұзып өтіп, қақпаға барып тірелген.

Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Желі қолданушылардың бірі көлік иесін қатаң сынға алып жатса, енді бірі жүргізушінің тежегіш пен газ педальдарын шатастырып алғанын айтуда.

Дегенмен, оқиғадан көлікке де және футбола алаңына да біраз залал келгені белгілі болып отыр.

Джип въехал в футбольную площадку😱😱😱 в г. Кокшетау! Двор ул. Потанина 27а и 27б. Пост от нашего читателя @ines_0707 #кокшевидеограмавто

Публикация от Кокшетау Акмолинская область (@kokshevideogram) 26 Июн 2018 в 7:35 PDT