Көкшетауда екі қабатты облыстық кітапхана өртенді

АСТАНА. KAZINFORM — Оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақыру бойынша жіберілді, деп хабарлайды ТЖМ.

өрт
Фото: Видеодан скриншот

— Бүгін таңертең Ақмола облысы Көкшетау қаласында екі қабатты облыстық ғылыми кітапхана ғимаратының бірінші қабатында кітаптары бар сөрелер өртенді. 10 ш. м алаңды шарпыған қызыл жалын жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, — делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. 

Еске салсақ, бұдан бұрын былтыр адам өліміне себеп болған өрттерге қатысты қандай қылмыстық істер қозғалғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар