Көкшетауда екі қарияны пәтерінде өлтіріп кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда екі қария өз пәтерінде өлі күйінде табылды. Оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз біреулер Есенберлин көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерге кіріп, үй иесі – 83 жастағы ер адам мен оның 77 жастағы жұбайын өлтіріп кеткен. Ерлі-зайыптылардың денесі бүгін, 30 сәуір күні таңертең табылған.
«Қазіргі кезде аталған ауыр қылмыстың бетін ашу бойынша Полиция департаменті жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметіндегілер.