Көкшетауда «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған жəрмеңкеге 57 қолөнер шеберінің туындалары қойылды

Орталық саябақта ұйымдастырылған жəрмеңкеде Көкшетау мен Щучинскі қолөнершілерінің туындылары ұсынылды.
Жəрмеңге аталған қалалардан келген барлығы 57 қолөнер шебері қатысты. Ақмола облыстық өлкетану мұражайының жалпыға ортақ тарихи бөлімінің аға ғылыми қызметкері Айман Салмұхамедованың айтуынша, жәрмеңкеде әр түрлі жанрдағы, әр түрлі стильдегі туындылар ұсынылған. Атап айтқанда, табиғи тастардан жасалған әшекей бұйымдары, тоқылған себеттер мен портреттер, теріден және ағаштан жасалған бұйымдар болды.
Қатысушылардың қатарында ағаштан халқымыздың дәстүрлі жиһаздарын, музыкалық аспаптарын жасайтын Шоқан Еламанов та бар. Шоқан ағаның өнерін баласы Шыңғыс та жалғастырып келеді. Ұлттық нақыштағы дүниелерді дайындайды.
Сонымен қатар, Щучинск қаласынан келген Рəшит Миниханов көркем фотосуретпен айналысатынын, әрі қаламызда осындай жәрмеңкелерді кем дегенде жылына үш рет ұйымдастырып тұру керектігін атап өтті.
Шеберлердің бұл жолғы жәрмеңкеге деп әкелген дүниелері сан түрлі болды.