Көкшетауда есірткі саудасына қатысты 34 жасар қала тұрғыны қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының жедел іздестіру тобы қалалық полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырған іс-шара барысында есірткі саудасымен айналысқан 34 жасар жергілікті тұрғынды қолға түсірді,

Көкшетауда есірткі саудасына қатысты 34 жасар қала тұрғыны қолға түсті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті шартты «сатып алушыға» полиэтиленге оралған ақ түсті ұнтақты келісім бағасына өткізген. Сараптамалық анықтама жүргізу нәтижесінде оның есірткі екені айқындалып, күдікті қамауға алынды. Тексеріс жүргізу кезінде одан қосымша 2,5 грамм есірткі заты бары анықталып, айғақты дәлелдері тәркіленді. Бір таң қаларлығы ол өзінің жымысқы әрекетін қаланың орталық көшелерінде де жүргізіп келген.