Көкшетауда ГАИ-дің жас көмекшілері жол полицейлерімен бірлесіп «Абайлаңыз, жас жүргінші!» акциясын өткізді
деп хабарлайды Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасынан.
Балалар жаяу жүргіншілерге: ересектерге, ата-аналар мен оқушыларға жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі жадынамалар, сондай-ақ жол тақырыбына арналған өз шығармаларын таратты. Жол қозғалысының жас инспекторларына әсіресе, жол полициясы өкілдерімен бірге көлік құралдарының жүргізушілерін тоқтату, олармен әңгімелесіп, ең сыпайы жүргізушіге жадынама табыс ету қатты ұнады. Жүргізушілер осындай пайдалы әңгімелері үшін балаларға алғыс айтты.
Жас инспекторлардың тағы төрт жасағы «Арбакеш» автомектебінде жол қозғалысы ережелерінен тест тапсырды. Үздік жас инспекторлар сыйлықтармен марапатталды.