Көкшетауда ІІІ аймақтық театрлар фестивалі өтеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының 25 жылдығы және «Көкшетау - Қазақстанның мәдени астанасы» іс - шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыс орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған III аймақтық театрлар фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Көкшетауда ІІІ аймақтық театрлар фестивалі өтеді

Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының хабарлауынша, іс-шараны 17-20 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланған. Мерекеге Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Петропавлдағы облыстық қазақ театрлары қатыспақ.

«Биыл Көкшетау Қазақстанның мәдени астанасы болып жарияланды. Жыл бойы мәдениет және өнер ұйымдары еліміздің барлық өңірлерінен Көкшетауға келіп, өз жетістіктерін насихаттайды, түрлі конкурстарға қатысады, көрмелер, концерттер ұйымдастырады. Бұл үрдісті жалғастыра отырып, қыркүйек айында облыс орталығында аймақтық театрларының фестивалі өтеді, ол сөзсіз өнердің нағыз мерекесіне айналады», - деп атап өтті облыстық ведомствоның басшысы Айгүл Сәбитова.

Театрларының фестивалі облыстық қазақ музыкалық драма театрында өтеді. Аталмыш театрдың құрылғанына биыл 25 жыл толды. Ширек ғасыр ішінде мәдениет ошағы сахнасында көрермендерге көптеген спектакль, қойылым, музыкалық комедия ұсынылды, олардың жетістіктерін мекеменің нағыз кәсіпқойлары — шығармашылық ұжымдарының тамаша жұмысы анықтады.

Облыстық театр өзінің жаңа XXV театр маусымын 9 қыркүйекте «Тендерге түскен келіншек» драмасының премьерасымен ашады. Адами құндылықтарды дәріптейтін және қоғам мәселелерін қозғайтын спектакльдің қоюшы-режиссері Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Кенебаев.

Көрермендердің қауіпсіздігі үшін театр маусымы Ashyq қосымшасы арқылы пилоттық режимде өтеді.

Айта кетейік, «Көкшетау - Қазақстанның мәдени астанасы» жобасы аясында облыс орталығында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында « Алты алаштың Жамбылы « жылжымалы көрмесі, «Ұлы дала жауһары « көрмесі, «Ән сүйген кербез Көкше « эстрадалық ән жас орындаушылардың онлайн байқауы бар.